Иранның Экономика министрі Халықаралық қаржы қорының басшысымен кездесті
Иранның Қаржы және экономикалық министрі экономикалық дамуды жоғарылатып, инфляцияны азайтуды Иранның он бірінші үкіметінің экономикалық жетістіктерінің бірі деп мәлімдеді.
Вашингтонда Халықаралық қаржы қоры мен Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы жиналысы аясында Иранның Қаржы және экономикалық министрі Әли Тайебниа Халықаралық қаржы қорының басшысы Кристин Лагардпен кездесуінде: «Валюта нарығындағы тұрақтылық пен экономикадағы тыныш та сенімді кеңістік өткен бір жыл ішінде қарсыласу экономикасы аясындағы Иранның макроэкономикалық жетістіктерінің бірі болып табылады»,-деп мәлімдеді.
Тайебниа, сонымен қатар, банктік жүйені нығайту үшін Иран үкіметінің исламдық қазынаның бағалы қағаздары мен құжаттары арқылы қарыздарды банктік жүйе мен жеке секторға төлеуі, үкімет бюджетінің тапшылығын толтыруы және банктік жүйені өзгерту жобасын орындаудағы талпыныстарын атап өтті.
ИИР Телерадио бірлестігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Халықаралық қаржы қорының басшысы Иранның экономикалық саласындағы жетістіктеріне қуаныш білдіріп: «Бұл қордың тиісті бөлімдері банк, қаржы, валюта мен салық саласында оқу және техникалық көмектер беру бойынша Иранмен әріптестігін жалғастырады»,-деді.