Лавров Зарифпен Сирия өзгерістері туралы кеңесті
https://itolqyn.com/news/world-i16048
Иран мен Ресей Сыртқы Істер Министрлері өткен 24 сағатта екінші рет Сирия өзгерістері туралы сұхбаттасты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 13, 2016 21:25 Asia/Almaty
  • Лавров Зарифпен Сирия өзгерістері туралы кеңесті

Иран мен Ресей Сыртқы Істер Министрлері өткен 24 сағатта екінші рет Сирия өзгерістері туралы сұхбаттасты.

СІМ-нің Ақпараттық дипломатия Бас кеңсесінің мәліметі бойынша, Ресей СІМ Сергей Лавров Сирия өзгерістері туралы байланыстар мен кеңестердің жалғасында Иран СІМ Мохаммад Джавад Зарифпен екінші рет пікір алмасты.

Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Федерика Могерини де бейсенбі күні Иран СІМ-мен телефон арқылы байланыста аймақ өзгерістері туралы, әсіресе Сирия туралы сұхбаттасты.

Могерини Иран СІМ-мен Сирияның Алеппо қаласы мен қоршауға алынған басқа да аймақтарына жедел көмек жіберу үшін халықаралық және аймақтық маңызды ойыншылар мен БҰҰ-мен саяси үдерісті жандандыру туралы сөйлесті.

Зариф Ресей СІМ мен Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысымен телефон арқылы сұхбатта Иранның терроризм және террористік топтармен жан-жақты күрестегі принципті ұстанымдарын баяндап, Сирияда тез арада және тұрақты түрде атысты тоқтату бітімін орнатып, Сирия дағдарысының шешім жолын табу қажеттігін қуаттады.