Зариф БҰҰ-ның жаңадан сайланған Бас хатшысын құттықтады
https://itolqyn.com/news/world-i16081
ИИР Сыртқы істер министрі Антониу Гутерришті БҰҰ-ның Бас хатшысы болып сайлануымен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 14, 2016 21:26 Asia/Almaty
  • Зариф БҰҰ-ның жаңадан сайланған Бас хатшысын құттықтады

ИИР Сыртқы істер министрі Антониу Гутерришті БҰҰ-ның Бас хатшысы болып сайлануымен құттықтады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі  Мұхамад Джавад Зариф бейсенбі күні БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Ғоламали Хошру арқылы БҰҰ-ның кеңсесіне хат жолдап, Антониу Гутерришті аталмыш ұйымның Бас хатшысы болып сайлануымен құттықтады. Зариф өз жолдауында БҰҰ-нан экстремизммен күресіп, мәселелерді бейбіт жолдармен шешуде сындарлы әсер етуін және Йемен мен Сирия халықтарының дағдарыстарын шешуді сұрады.

Зариф «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының нәтижеге жетуін аймақтың үмітін арттырды деп бағалап, Гутерриштен барлық тараптардың осы келісімдегі міндеттемелерін толық орындауына көмектесіп, осы істі өз бақылауына алуды сұрады.

Антониу Гутерриш 1995-2002-ші жылдары Португалияның Премьер-министрі,  содан соң 10 жыл бойы БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариатының басшысы міндетін атқарды.