Иран мен Ресей Сирия дағдарысына қатысты шынайы дипломатияны жүзеге асыруда
(last modified Fri, 14 Oct 2016 16:10:10 GMT )
Қаз 14, 2016 22:10 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей Сирия дағдарысына қатысты шынайы дипломатияны  жүзеге асыруда

Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері Сирия дағдарысын шешуге талпыныс жасаушы екі маңызды ойыншы ретінде 24 сағаттың ішінде бұл елдің соңғы өзгерістері, әсіресе Алеппоның жағдайы туралы екі рет телефон арқылы пікір алмасты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхамад Джавад Зарифпен Сирия туралы телефон арқылы пікір алмасты. Зариф пен Лавров сейсенбі күні де бұл мәсле туралы сөйлескен болатын. Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могерини де сәрсенбі күні аймақ,  әсіресе Сирия өзгерістері туралы Иран Сыртқы істер министрімен телефон арқылы пікір алмасты.

Зариф Ресей Сыртқы істер министрі  және Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могеринимен телефон арқылы сөйлесіп, Иранның лаңкестікпен жан-жақты күресу және атысты тоқтатып,  Сирия дағарысын саяси жолмен шешу керектігін туралы ұстанымын қуаттады. Зариф Лавров және Могеринимен телефон арқылы пікір алмасып жатқан кезде ақпарат құралдары алдағы сенбі күні Швейцарияның Лозанна қаласында Ресей Сыртқы істер министрі, АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы, Түркия, Қатар және Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлерінің Сирия дағдарысына қатысты ортақ отырысы өтеді  деп хабарлады.

Иран мен Ресей өткен алты жылдан бері бұл дағдарыстың  шешім жолы бейбіт әрі саяси болуы керек деп қуаттап келеді.  Бұл екі ел Сирия дағдарысын шешу саласындағы аймақтық және халықаралық  талпыныстарымен бірге лаңкестікпен соғысу саласында да анық  саясатқа ие.

Иран Сирия мен Ресей үкіметтерінің талабы және Сириямен арадағы стратегиялық ынтымақтастыққа сүйеніп,  әскери кеңесшілерін жіберіп, лаңкестікпен шынайы күресуді көздеп отыр. Иран мен Ресейдің Сирия мәселесіне қатысты ұқсас ұстанымы екі ел  арасындағы көптеген кеңесулерге себеп болуда. Теһран мен Мәскеу Сирия дағдарысы тек саяси келісім арқылы шешіледі деп қуаттайды. Ресей мен Иран Сирия дағдарысының барлық тұрғыларынан хабардар болып, АҚШ пен оның одақтастарының негізсіз жобаларына қарсы табандылық танытуда әрі Сирияда әскери жолды пайдаланудығ салдары туралы ескерту жасады.  Ресей мен АҚШ-тың  Сирия дағдарысы мен Алеппоның жағдайы туралы келіссөздері сәтсіздікке ұшыраған соң Батыстың кейбір үкіметтері Сирия мәселесін әскери жолмен шешу туралы келіссөз жүргізді.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі  Борис Джонсон бейсенбі күні: «Лондон Сирия дағдарысын шешу үшін әскери араласуды қарастыруы керек. Бірақ кез келген әрекет АҚШ басқаратын коалицияның шабуылдары ретінде іске асырылуы қажет»,- деді. Джонсон әскери араласу туралы мәселені  Лондон лаңкестік мәселесіне қатысты екіжүзді саясат ұстанып, Сирия дағдарысын шешуге кедергі болып отырған  кезде   көтеріп отыр.

Сирия дағдарысын шешетін әрбір талпыныс бұл ел халқының қалауына, атысты тоқтату мен лаңкестіктің кез келген түрлі түрімен шынайы түрде күресуге назар аударуы тиіс. Бұл жайттарға назар аудару Сирия дағдарысын шешуге көмектеседі. Кері жағдайда Батыстың әсіресе АҚШ-тың саясаттары Сирия дағдарысын белгісіздікке тірейді.