Иран Лозаннада өтетін Сирияға қатысты халықаралық отырысқа қатысады
(last modified Sat, 15 Oct 2016 08:46:56 GMT )
Қаз 15, 2016 14:46 Asia/Almaty
  • Иран Лозаннада өтетін Сирияға қатысты халықаралық отырысқа қатысады

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары осы ел Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Сирияға қатысты халықаралық отырысқа қатысатынын хабарлады.

«Javan» тілшілер клубының хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабер Ансари: «Сирияға қатысты халықаралық отырыс сенбі күні Швейцарияның Лозанна қаласында Иран, Ресей, АҚШ, Түркия, Сауд Арабиясы, Ирак, Мысыр мен Катар Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өтеді»,-деп хабарлады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми  де Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Швейцарияның Лозанна қаласында Сирия дағдарысына қатысты өтетін отырысқа қатысатынын мәлімдеді.