Ауғанстанға қатысты «алтылық» топ құрылды
Ауғанстанда тез арада қауіпсіздік пен бейбітшілікті орнату қажеттігінің күн сайын артып келе жатқан маңыздылығына байланысты осы елге көмектесу мақсатында Иранның қатысуымен «алтылық» топ құрылды. Ауғанстан үкіметінің жоғары лауазымды қайраткерлері осы ел мен аймақта бейбітшілік диалогын ілгерілету үшін Иран, Үндістан, Ресей, АҚШ, Қытай, Пәкістан және Ауғанстанның қатысуымен «алтылық» тобының құрылғанын хабарлады.
Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ханиф Атмардың айтуынша, бұл топ Кабулдың ұсынысымен Берлиндегі халықаралық байланыс тобының аясында құрылған. Аталмыш топты Ауғанстан басқаратын болады: «Бұл топ Ауғанстан мен аймақта терроризммен бірлесе күресу және қауіпсіздікті орнату мақсатында құрылды, бірақ Ауғанстанның төрттік бейбіт тобының орнын баспайды, өйткені бұл топ тек Талибанмен бейбіт келіссөздерге қолдау көрсетуге міндеттелген»,-деп мәлімдеді.
Саяси бақылаушылардың көзқарасы бойынша, Ауғанстанда бейбіт жол картасын анықтау үшін құрылған «төрттік» топтың осы салада қажетті істі атқара алмайтындығы әу бастан анық еді. Өйткені оның құрамында Ауғанстан дағдарысына ықпал ете алатын маңызды ойыншылар жоқ болатын. Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі «алтылық» топ «төрттік» тобының орнын баспайды дегенімен, «алтылық» топты құрудағы мақсат аймақтық және әлемдік ойыншылардың мүмкіндіктерін Ауғанстандағы өзгерістерде пайдалану екендігі айдан анық. 90-жылдары 2+6 форматында мұндай мүмкіндіктерді пайдалану сәтті тәжірибе болды. Кабул үкіметі бұл тәжірибені рет елдегі дағдарысты аяқтау үшін тағы да пайдалануды көздеп отырғанға ұқсайды.
Саяси бақылаушылардың көзқарасынша, Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үш деңгейдегі: ішкі, аймақтық және халықаралық ойыншылардың әріптестігі мен түсіністігін қажет етеді. Осы ойыншылар Ауғанстанның дағдарысын шешуге көмектесу үшін өзара келісімге келмейінше бұл елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату өте ауыр болмақ.
Ауғанстанның ішінде әсіресе биліктегі барлық тайпалық, діни және саяси фракциялар арасындағы әріптестік маңызды әрі шешуші сипатқа ие. Аймақтық деңгейде де Ауғанстанмен көршілес елдер ең маңыздысы аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатып, терроризммен күресу болып табылатын өздерінің мақсат-мүдделерін көздеу арқылы Ауғанстанның үкіметі басқарып отырған бейбіт бағдарламалардың ілгерілеуіне көмектесе алады. Осы жағдайда халықаралық ойыншылардың Ауғанстанға қатысты қарама-қайшы мүдделері де осы елдің өзгерісіне кері әсерін тигізуде. Осы тұрғыдан саяси бақылаушылардың көзқарасынша, АҚШ өзінің Ауғанстандағы дағдарысты басқару саясатын шетке ысырып, осы елдегі бейбіт үдерістің ілгерілеуіне көмектеспейінше аймақтық орталардың талпыныстарының нәтижелі болатындығына үміт артуға болмайды. Осы тұрғыдан кейбір сарапшылар АҚШ-тың «төрттік» топ пен «алтылық» топты өзінің Ауғанстандағы мақсаттарын ілгерілету, соның ішінде өз әскерилерінің осы елде қалуын растау үшін пайдалану мүмкіндігін айтып, ескертті. Олардың пайымдауынша, Батыс елдері, әсіресе АҚШ Ауғанстан үкіметі мен халқының осы елде қауіпсіздікті орнату және елдің тәуелсіздігі мен ұлттық егемендігіне құрметпен қарау туралы талабын қабылдап, аймақтық елдермен бірге Ауғанстанда бейбіт үдерісті ілгерілетуге көмектесуі тиіс.