Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы басшыларының саммиты аяқталды
Арменияның астанасы Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы басшыларының бір күндік саммиты мәлімдеме жасаумен аяқталды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы басшыларының саммиты жұма күні Арменияның төрағалығымен өтті. Оған Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан Президенттері мен Қазақстанның Премьер-министрі қатысты.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер өз мәлімдемесінде АҚШ-тың осы ұйымға мүше елдердің шекараларына жақын жерге зымырандық қорғаныс кешендерін орналастыруға бағытталған біржақты шараларының халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікке теріс әсерлеріне тоқталып, осы америкалық зымырандық кешендердің орналастырылуына алаңдаушылық білдірді.
Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер басшыларының саммитында Қарабақ қақтығысы туралы да мәлімдеме жасалды. Онда осы қақтығысты саяси-дипломатиялық жолдармен бейбіт түрде шешу қажеттігі қуатталған.
Саммитте, сондай-ақ, 24 құжат бекітілді. Соның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2050 жылға дейінгі стратегиясы мен дағдарыс туындаған жағдайда реакция білдіретін орталық құру туралы құжаттарды атауға болады.
Беларусь келесі жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ететін болады.