Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы басшыларының біркүндік саммиты аяқталды
(last modified Sat, 15 Oct 2016 14:13:39 GMT )
Қаз 15, 2016 20:13 Asia/Almaty
  • Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы басшыларының біркүндік саммиты аяқталды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (CSTO) басшыларының біркүндік саммиты Арменияның астанасы Ереванда мәлімдеме жариялаумен аяқталды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы басшыларының саммиты 14 қазан күні Арменияның төрағалығымен өтті. Қорытынды мәлімдемеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер басшылары АҚШ-тың осы ұйымға мүше елдердің шекараларына жақын жерге зымырандық қорғаныс кешендерін орналастыруға бағытталған біржақты шараларының халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікке тигізетін теріс әсерлеріне тоқталып, осы америкалық зымырандық кешендердің орналастырылуына алаңдаушылық білдірді. Мәлімдемеде, сондай-ақ Қарабақ қайшылығын саяси-дипломатиялық жолдармен бейбіт түрде шешу қажеттігі қуатталған. Еревандағы саммитте, сондай-ақ,  қатысушылар тарапынан 24 құжат бекітілді. Соның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2050 жылға дейінгі стратегиясы мен дағдарыс туындаған жағдайда реакция білдіретін орталық құру туралы құжаттарды атауға болады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің келісімімен келесі жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Беларусь төрағалық ететін болады.

Сарапшылардың пікірі бойынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер басшыларының қорытынды мәлімдемесі ұйымға мүше елдердің АҚШ-тың әлемнің осы маңызды бөлігінде үстемдік жүргізуімен күресуге бағытталған бірлігін көрсетеді.  АҚШ Ресеймен шекаралас кейбір Шығыс Еуропа елдерінде әскери базалар ашуды көздеп отыр. Осындай жағдайда Мәскеу қайраткерлері АҚШ-тың шараларын оның үстемшілдікке ұмтылысы мен Ресейге соққы беруді көздеуі деп қарастырып отыр. Ереван саммитының  қорытынды мәлімдемесінде, сондай-ақ Армения мен Әзірбайжан Республикасының қайшылығы да аталді.

Осыған қатысты сарапшылар Қарабақ қайшылығын бейбіт жолмен шешу қажеттігін қуаттауды астарлы түрде осы қайшылықты жалғастыру үшін  Арменияны қолдау деп санайды. Ресейдің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына ықпалын ескере отырып, Арменияны осы ұйымды басқару мұрсатынан айыруды да Ресейдің әзірбайжан-армян қайшылығындағы рөлі деп түсіну қажет. Шын мәнінде  аймақтық және халықаралық саммитті өткізіп отырған ел осы ұйымның бір кезеңдік басқаруын өз мойнына алуы керек. Алайда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында Арменияның төрағалығы Беларуське берілді. Бұл іс Ресей Әзірбайжан Республикасына берген ұпай болып санала алады. Осы ұйымда Әзірбайжан Республикасының өкілдігі болмаса да, аталмыш оқиға орын алды. Шын мәнінде Мәскеу қайраткерлері Ресей Президенті Владимир Путиннің ұзаққа созылған Қарабақ қайшылығын доғаруға қатысты жобасын орындауға бұрынғыдай талпыныс жасап жатыр.

Айта кету қажет, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 1992 жылы Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан Республикасы мен Грузия елдерінің қатысуымен құрылған болатын. Бұл елдер 2002 жылы бұл ұйымды әскери коалицияға айналдыруға шешім қабылдады. Кейінірек Әзірбайжан Республикасы, Грузия мен Өзбекстан ұйымнан бөлініп шықты. Бұл ұйым 2004 жылдың 2 желтоқсанында  бақылаушы мүше ретінде БҰҰ Бас ассамблеясына қабылданды. Ұйымды құрудағы мақсат НАТО-ның Шығысқа таралу аясын шектеу, АҚШ-тың  Ресеймен көршілес елдерге ықпалын азайтуға бағытталған. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Кеңес одағы құлап, Ресейдің саяси-экономикалық және әскери күш-қуаты әлсіреген соң бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің  бірлігін сақтап,  олардың саяси және әскери әлеуеттерін  жоғарылату үшін құрылған.