Трамп үшінші пікірталастың алдында қарсыласын допингке тексеруді сұрады
https://itolqyn.com/news/world-i16216
Батыстың кейбір ақпарат құралдары республикалық партияның үміткері Дональд Трамптың Нью-Гэмпширдегі бір баяндамасында сайлау алдындағы үшінші және соңғы пікірталастың өтуінен бұрын демократ бақталасы Хиллари Клинтонды допингке тексеруді сұрағанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 16, 2016 22:47 Asia/Almaty
  • Трамп үшінші пікірталастың алдында қарсыласын допингке тексеруді сұрады

Батыстың кейбір ақпарат құралдары республикалық партияның үміткері Дональд Трамптың Нью-Гэмпширдегі бір баяндамасында сайлау алдындағы үшінші және соңғы пікірталастың өтуінен бұрын демократ бақталасы Хиллари Клинтонды допингке тексеруді сұрағанын хабарлады.

Трамп өзінің келтірген дәлелінде талай рет келемеждеген Клинтонның денсаулығына сілтеме жасап: "Хиллари екінші пікірталаста өте сергек болы, бірақ пікірталастан кейін көлігіне әрең жетті. Сондықтан алдағы сәрсенбі күні үшінші пікірталастың алдында екі үміткерді де допингке тексеру керек" деді.