Джон Керри Сириядағы қақтығыстарды доғару қажеттігі жөніндегі келісімді хабарлады
(last modified Mon, 17 Oct 2016 02:09:26 GMT )
Қаз 17, 2016 08:09 Asia/Almaty
  • Джон Керри Сириядағы қақтығыстарды доғару қажеттігі жөніндегі келісімді хабарлады

АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Лозанна отырысына қатысушылар кейбір негізгі мәселелерді, әсіресе Сириядағы қақтығыстарды доғару қажеттілігі жөнінде келіскенін хабарлады.

«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джон Керри сенбі күні кешке «Foreign Affairs» басылымына берген сұхбатында: «Лозанна отырысынан көптеген айқындылық көзге түседі. Осы отырыс текетіреске толы қиын мезеттерге де куә болды.  

Лозанна отырысында идеялар талқыға салынды. Қатысушы тараптар арасында текетірестердің болуына қарамастан өшпенділікке соқтырмады. Барлық қатысушылар Сирия дағдарысының төтенше жағдайы жөнінде келісті» деді.

Джон Керридің айтуынша Лозанна отырысына қатысушы елдердің келесі байланысы ертең дүйсенбі күні орын алып, тараптар Сирия туралы алдағы шаралар туралы сұхбаттасады.

АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы осы сұхбаттардың келешегінің жай-жапсарын көбірек баяндаудан бой тартты.