Иран армиясы теңіз күшінің флотилиясы Баку портына аттандырылды
(last modified Mon, 17 Oct 2016 02:29:58 GMT )
Қаз 17, 2016 08:29 Asia/Almaty
  • Иран армиясы теңіз күшінің флотилиясы Баку портына аттандырылды

«Дамаванд» кемесі Каспий теңізінің жағалауындағы елдерге бейбітшілік пен достық үндеуін жеткізу және Каспий суларында Иран ислам республикасының туын желбірету мақсатында Әзірбайжан республикасындағы Баку портына аттанды.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иран армиясы теңізі күшінің төртінші аймағының қолбасшысы адмирал Афшин Резаи Хаддад жексенбі күні «Дамаванд» кемесін Баку айлағына аттандыру рәсімінде: «Бейбітшілік және достық үндеуімен кемелерді аттандыру Каспий теңізінің қауіпсіз екенін және өзара байланыс пен ізгі көршілестікті аңғартады. Әрбір ел соны армандайды.  

Каспий теңізінің жағалауындағы елдерде болу Иран ислам республикасының бейбітшілік, достық және сұхбаттасу үшін оңтайлы мұрсат қалыптасып отыр деп санайтынын көрсетеді» деді.

Иран армиясы теңізі күшінің төртінші аймағының қолбасшысы Каспий жағалауындағы тек бес елді осы теңізде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғаушы елдер деп атап: «Каспий жағалауындағы елдер арасында бауырластық, теңдік және бейбітшілік үндеулерін жеткізу осы теңіздің жағалауындағы елдер арасындағы тілеулестік пен ынтымақтастықты, достық пен ортақ мүддені арттырады» деді.