Арақи: Иран газы Еуропада Ресей газымен бәсекеге түспейді
(last modified Mon, 17 Oct 2016 02:36:02 GMT )
Қаз 17, 2016 08:36 Asia/Almaty
  • Арақи: Иран газы Еуропада Ресей газымен бәсекеге түспейді

Иран Мұнай министрінің газ істері бойынша орынбасары Иран ислам республикасының Еуропаның газ нарығында Ресейдің орнын басуды мақсат етпейтінін мәлімдеді.

Иранның Мұнай министрінің газ істері бойынша орынбасары әрі ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры Хамид Реза Арақи мұнай мен газ жөнінде ақпарат тарату арнасы ШАНА- ға берген сұхбатында: «Иран «LNG» арқылы Еуропа нарығына қол жеткізу үшін жоспар құрғанымен осы салада Ресеймен бәсекеге түсуді немесе оның орнын басуды мақсат етіп отырған жоқ.

Иранның стратегиялық мақсаттарының бірі – экспорт. Иран қарсыласу экономикасы саласында өзінің экспортымен әлемдік саудада рөл атқаруы керек.

Иран ұзақ мерзімде мемлекеттермен әріптестік жасау  және «LNG» арқылы Еуропа нарығына қол жеткізе алмайды.  Еуропа нарығы Иранның Ресеймен бәсекеге түсетін нарық емес. Иран газға мұқтаж елдер арасында нарыққа ие» деді.