Моди Пәкістанды «лаңкестіктің анасы» деп атады
(last modified Mon, 17 Oct 2016 10:30:49 GMT )
Қаз 17, 2016 16:30 Asia/Almaty
  • Моди Пәкістанды «лаңкестіктің анасы» деп атады

Үндістан Премьер-министрі БРИКС басшыларының Саммитінде Пәкістанды «лаңкестіктің анасы» деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Үндістан Премьер-министрі Наредра Моди өз елінің Гоа қаласында өткен БРИКС басшыларының Саммитінде: «Таяу Шығыстағы лаңкестік Батыс Азия, Еуропа мен Оңтүстік Азияға қоқан-лоққы тудырып отыр»,- деді. Ол Пәкістан мемлекетіне тигізіп: «Азия аймағындағы лаңкестік – бейбітшілік, қауіпсіздік пен дамуға қарсы үлкен қауіп-қатер. Өкінішке орай, «лаңкестіктің анасы» Үндістанмен шекаралас ел болуда. Үндістанға көршілес бұл елдің проблемасы өз жеріндегі лаңкестік топтарды қолдап, оларға қаржылай көмек көрсетуіне байланысты»,- деп қуаттады.

Моди БРИКС тобының мүшелерінен халықаралық лаңкестікке қатысты конвенция деп аталатын бірінші конвенцияны бекітуге талпыныс жасауды талап етті.

Моди және оның үкіметі Ури аймағындағы Үндістан базасына қарсы лаңкестік шабуыл жасалғаннан бері әр мұрсатты Пәкістанға шабуыл жасауға пайдаланды. Ол бұдан бұрын Пәкістанды әлемдік лаңкестіктің орталығы деп атаған болатын.