Сауд Арабиясының Ауғанстанда университет ашу жобасы алаңдаушылықтарға себеп болып отыр
Сауд Арабиясының Ауғанстанның Нангархар провинциясында Исламдық университет салу жобасы алаңдаушылықтарға себеп болды.
Нангархар провинциясының азаматы және саяси ғылымдардың зерттеушісі Зиа Рахман Хасрат бұл туралы: «Сауд Арабиясының бақылауымен ашылатын жоғары оқу орынында салафизм мен экстремизмнің таралмауына еш кепілдік берілмейді. Өткен жылдары да Пәкістанға оқуға кеткен адамдар экстремизм мен вахабизм ой-пікірлерімен оралып, Ауғанстан үкіметінің қарулы қарсыластары олардың экстремистік ой-пікірлерін өз мүдделеріне пайдаланған»,- деді.
Сауд Арабиясының Ауғанстанда ғылыми-мәдени орталықтар ашуы жаңа мәселе емес. Осыдан екі жыл бұрын Ауғанстан астанасында Сауд Арабиясының қаржы министрлігі мен бұл елдің ғимараттар құрылысымен айналысатын компаниялардың бірінің арасында Кабулда үлкен мәдени орталық салу туралы келісімге қол қойылған болатын. Сауд Арабиясының елшісі бұл мәдени орталықтың салынуының мақсаты туралы: «Бұл аймақ деңгейіндегі үлгілі исламдық орталық болып, халық исламдық мәселелерді үйренеді»,- деген уәж айтты.
Бұл уәждер Ауғанстандағы саяси және діни топтардың біразы Сауд Арабиясының бұл елде ғылыми-мәдени орталықтар ашу саясатына шынайы күдік-күмән білідіріп отырған жағдайда айтылуда. Сауд Арабиясының Талибан, әл-Қаида, ДАИШ және Джебхат ан-Носрат сынды лаңкестік уаһабшы топтардың негізгі қолдаушысы екендігі мен исламдық тағылымдарға қайшы келетін экстремизмді таратуына назар аударып, Риядтың исламдық университет ашу шешімі бұл ғылыми орталықта лаңкестік көзқарастардың таратылуына қатысты алаңдаушылықтарды күшейтті.
Сауд Арабиясының үкіметі Ауғанстан халқы әсіресе жастарының арасында уаһабшы көзқарастарды тарату мақсатында бұл елде діни мектептер салу жобаларын өзінің жұмыс кестесінде қарастыруда. Бұл жобалар Талибандарға жақын адамдардың қолында.
Ауғанстанның Фариаб провинциясының Курсиванында 250 адам сыятын мектептің құрылысы мен бұл мектепті ашу талибандарға жақын адамдарға тапсырылды. Бұл Ауғанстанда вахабизм көзқарасын таратудың мысалдарының бірі болды, бірақ Фариаб халқының араласуымен бұл мектептің жұмысы тоқтатылған. Мұндай жағдайда Сауд Арабиясының Ауғанстанда ғылыми-мәдени орталықтар құруының негізгі мақсаты экстремизмді тарату мен бұл елді Риядтың аймақтағы жобаларын іске асыратын лаңкестерді тәрбиелейтін орталыққа айналдыру болуда. Сауд режимінің басшылары өз саясаттарын алға ілгерілету үшін тегін білім беруді сылтауратып, өздеріне мүдделі инвестиция салуды көздеп отыр.
Сауд Арабиясының Ауғанстандағы мәдени саладағы қатерлі саясаттарына қарсы тұру үшін үкіметтік органдар, соның ішінде Үкімет, Парламент пен Ұұлттық қауіпсіздік кеңсесі нақты шара қолдануы керек.