Иран мен Еуроодақтың қарым-қатынастарын кеңейтуге кедергі болып отырған мәселелерді шешу қуатталды
(last modified Wed, 19 Oct 2016 13:21:58 GMT )
Қаз 19, 2016 19:21 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуроодақтың қарым-қатынастарын кеңейтуге кедергі болып отырған мәселелерді шешу қуатталды

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Еуроодақтың қарым-қатынастарын кеңейтуге кедергі болып отырған мәселелерді шешуді талап етті.

Иран Сыртқы істер министрлігінің Баспасаөз қызметінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Еуроодақтың ішкі нарық, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссары Эльжбетта Биньковскаямен Теһрандағы кездесуінде: «Еуроодақ Иранмен ынтымақтастық жасау саласында басқа мемлекеттердің ықпалына түспеуі керек»,- деді.

Зариф Еуроодақтың санкиялардың күші жойылғаннан кейінгі кеңістікті пайдалану рөлін өте маңызды деп атап: «Иран мен Еуроодақ әртүрлі экономикалық салаларда бір-бірімен ынтымақтастық жасай алады»,- деді.

Еуроодақтың ішкі нарық, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссары да Еуроодақ пен Иранның әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарының кеңеюін қуаттап: «Еуроодақ Иран мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтарын кеңейтуге мүдделік танытады. Сондықтан ынтымақтастықтарға жететін жолдарды тезірек табу қажет»,- деді.