Бакуде «Ислам – бейбітшілік пен достық діні» атты форум өтті
Әзірбайжан Республикасының бірқатар діндарлары мен ойшылдарының қатысуымен Бакуде «Ислам – бейбітшілік пен достық діні» атты форум өтті.
Бұл форум ислам дінінің әлем халықтарына бейбітшілік пен достық жолдауын жеткізу мақсатымен ИИР-ның Бакудегі елшілігіне қарасты мәдени өкілдіктің конференц-залында өткізілді.
Бұл форумда баяндамашылар Құран Кәрім тұрғысынан бейбітшілік пен достыққа шолу, Құранға терең үңілу қажеттігі, мұсылмандар бірлігінің өзегі ретінде Ислам пайғамбарының жолына тоқталу, Құран Кәрім тұрғысынан әйелдердің құқығына шолу, дұшпандардың осы бейбітшілік пен достық дінімен жауласуының себептері тақырыптарында сөз сөйледі.
Бұл форумда, сондай-ақ, дұшпандардың исламды жаман қырынан көрсетуге бағыттаған қастандығы, олардың мұсылмандар арасына іріткі салуы және мұсылмандардың осы сайтан сипатты қастандықтарға төтеп беру үшін бірігуі және қырағылық сақтауы қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, форумда Ахл-е бейтке мадақтар айтылды.