Қаз 22, 2016 14:13 Asia/Almaty
  • Камерунда бір пойыздың рельстен шығуы салдарынан 55 адам қаза тауып, 600-ден астам адам жараланды

Камерунда бір жолаушы тасымалдаушы пойыздың рельстен шығуы салдарынан кемінде 55 адам қаза тауып, 600-ден астам адам жараланды.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Камерунның Көлік және тасымал министрлігі: «Жұма күні бір жолаушы тасымалдаушы пойыз елдің астанасы Яундеден Дуалаға бара жатқан жолда бір көпірдің сынуы салдарынан рельстен шығып, аударылып қалды»,-деп хабарлады.

Осы жағдайда Камерунның Ұлттық темір жол компаниясындағы атының аталмауын сұраған бір жауапты тұлға осы оқиғада құрбан болғандар санының артуы ықтималын хабарлады.  

Тегтер