ИИР теңіз күштері флотилиясының Әзірбайжан республикасына сапары аяқталды
(last modified Sun, 23 Oct 2016 04:07:45 GMT )
Қаз 23, 2016 10:07 Asia/Almaty
  • ИИР теңіз күштері флотилиясының Әзірбайжан республикасына сапары аяқталды

ИИР теңіз күштерінің флотилиясы Баку портында төрт күн құзырға ие болған соң кеше, сенбі күні Әзірбайжан республикасы теңіз күштерінің жоғары қолбасшыларының шығарып салуымен аталмыш порттан аттанып, Иранның солтүстігіндегі Анзали портын бетке алды.

«Дамаванд» кемесі мен «Джоушан» атты зымыран атқыш кемеден құралған бұл флотилия бейбітшілік және достық жолдауымен қазан айының 19-нан бері Баку портын айлақтаған болатын. Баку портында құзыр тепкен уақытта екі жақтың қатысуымен әртүрлі бағдарламалар жүзеге асырылды.

Иран флотилиясы Әзірбайжан республикасында болған уақытта Әзірбайжан республикасында орналасқан 14 елдің әскери атташелері де келіп, осы кемелердің жобасы және жасалуымен фильмдер мен суреттер қалпында жақыннан танысып, Иранның осы саладағы дамуын мадақтауға лайық деп атады. Әзірбайжан республикасы Теңіз күштерінің қолбасшысы Ходжран Ростамзаде де Иран флотилиясы тоқтаған мекенге келіп, кеменің капитанымен кездесіп, оның кейбір бөлімдерін аралады.

Әзірбайжан республикасы Теңіз күштерінің қолбасшысы осы сапарларды маңызды деп атап, болашақта елінің кемелерінің де Иранға сапармен баруына үміт білдірді.