Ауғанстанның алтын кеніші – талибандардың ең үлкен табыс көзі
(last modified Mon, 24 Oct 2016 02:37:59 GMT )
Қаз 24, 2016 08:37 Asia/Almaty
  • Ауғанстанның алтын кеніші – талибандардың ең үлкен табыс көзі

Ауғанстанның Бадахшан велаяты кеңесінің басшысы Рағестан уезіндегі іштен талибандардың алтын шығарып жатқанын хабарлады.

Бадахшан велаяты кеңесінің басшысы Абдулбашир Сами Рағестанның алтын кенішінің талибандардың бақылауында екендігін, осы топтың ең үлкен табысты осы велаяттың алтын кенішінен табатынын мойындады. Ол Ладжвард алтын кенішінен кейін Рағестан алтын кенішінің талибандардың екінші табыс көзі екендігін мәлімдеді. Олар осы кенішті пайдаланып қаруланып, Ауғанстанның үкіметтік күштерімен соғыстарын жалғастырады.