Лариджани Иран мен Аустрияның экономикалық қатынасының кеңеюін қуаттады
(last modified Mon, 24 Oct 2016 08:27:34 GMT )
Қаз 24, 2016 14:27 Asia/Almaty
  • Лариджани Иран мен Аустрияның экономикалық қатынасының кеңеюін қуаттады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Аустрияның экономикалық әріптестігінің кеңейе түсу қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Теһранда Аустрия Парламентінің вице-спикері Карлхайнц Копфпен кездесіп: «Екі елдің қарым-қатынасы әрдайым жақсы деңгейде болды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін де өзара сауда-экономикалық қатынас кеңею үстінде»,-деді.  

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы, сондай-ақ, Таяу Шығыс аймағындағы дағдарыстарға тоқталып: «Теһран әскери құралдарды қолданғаннан гөрі қалыптасқан қиындықтарды шешудің жалғыз жолы ретінде саяси келіссөздердің маңыздылығын қуаттайды»,-деді.

Аустрия Парламентінің вице-спикері Карлхайнц Копф та осы кездесуде: «Аймақты тұрақтандыру және қақтығыстарды азайтуға көмектесуде маңызды рөл атқаратын ел ретіндегі Иранмен әріптестікке көңіл аударылуы тиіс»,-деді.