Талибан АҚШ-тың Ауғанстандағы басым бағдары емес
(last modified Mon, 24 Oct 2016 10:59:02 GMT )
Қаз 24, 2016 16:59 Asia/Almaty
  • Талибан АҚШ-тың Ауғанстандағы басым бағдары емес

НАТО-ның Ауғанстандағы ақпарат хатшысы генерал Чарльз Кливленд: «Талибанмен күресу АҚШ әскерилерінің Ауғанстандағы басымдығы емес, өйткені бұл топ АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірмейді»,-деді.

Ол: «Ауғанстанның қауіпсіздік және қорғаныс күштері Талибанмен күресте біршама ілгеріледі, бірақ бұл салада қиындықтар әлі де бар»,-сөзін жалғады.

АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі тілшілердің сұрақтарына бейне конференция арқылы жауап берген генерал Чарльз Кливленд: «АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясы екіге бөлінеді: біріншісі –Ауғанстанда әл-Каида мен ДАИШ топтарын қудалау және ауыздықтау, ал екіншісі – қарым-қабілеттерін арттыру үшін Ауғанстанның қауіпсіздік күштерін дайындау»,-деді.

НАТО-ның Ауғанстандағы ақпарат хатшысының сөздері көрсеткендей, АҚШ-тың Ауғанстанның ұлттық мүддесіне ең үлкен қауіп болып табылатын Талибанмен күрес туралы уәждеріне керісінше бұл топ АҚШ-тың мүдделеріне қауіпті топтар тізімінен шығарылған, бұл ел Ауғанстанда Талибанмен күресуді көздемейді.

НАТО-ның Ауғанстандағы ақпарат хатшысының айтуынша, АҚШ-тың миссиясы – Ауғанстанда әл-Каида мен ДАИШ топтарын қудалау және ауыздықтау. Ал әл-Каида, ДАИШ пен Талибан топтары арасында Талибан Ауғанстанның мүддесіне қатер төндіріп отырған ең үлкен топ болып табылады.  

Талибан Ауғанстан жерінің кемінде 50 пайыз аумағын басып алды деп айтылып жатқан жағдайда НАТО-ның ақпарат хатшысы «Талибан Ауғанстанның тек 10 пайыз жерінде орналасқан» деп уәж айтуда.

ДАИШ тобы Ауғанстанда жаңа пайда болған құбылыс болып табылатынын және 2011 жылы әл-Каида тобының бұрынғы басшысы Усама бен Ладен өлтірілгеннен кейін бұл топтың Ауғанстандағы белсенділігі айтарлықтай азайғанын ескерсек, әл-Каида мен ДАИШ-ты Талибаннан да үлкен қатер деп пайымдау үлкен қателік болып табылады және Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздігін қатерге ұшыратады.

Мынадай сауал туындайды: Талибанның әл-Каида мен ДАИШ-пен салыстырғанда  қатігездік пен тынышсыздық орнатуда әсерлілек рөл атқаратыны айқын болса да, бұл топ неге АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне  қатер төндірушілер тізімінен шығарылып, америкалық әскерилердің күресінде басты басымдыққа ие емес?

АҚШ пен Талибан арасындағы жасырын келіссөздер осындай жағдайдың қалыптасып, бұл топтың Ақ үйдің Ауғанстандағы экстремистік топтармен күресіндегі басым бағдарлардан шығуына себеп болды деген болжамдар бар.

Әсіресе соңғы апталарда Ауғанстанның Гильменд, Фарьяб және Құндыз облыстарындағы кейбір қалалар Талибан  тарапынан басып алынды. Осы елдегі қатігездіктердің жаңа толқынында әл-Каида мен ДАИШ-тың қатысы жоқ.

Сондықтан НАТО-ның Ауғанстанда соғыстың пайда болуы мен жалғасуындағы  Талибанның ауқымды рөліне көзжұмбайлықпен қарап, әл-Каида мен ДАИШ-тың қатерін Талибаннан көбірек деп әсірелеп көрсетуі Ауғанстандағы шындықтарға қайшы. Бұл АҚШ пен оның одақтастарының лаңкестікке екіұшты қатынас көрестіп отырғанын байқатады.