Абу Мұса, Үлкен Томб және Кіші Томб аралдарының Иранға тиесілігі қуатталды
Иранның парламенттік делегациясы Женева өткен парламентаралық сессияда тағы да Абу Мұса, Үлкен Томб және Кіші Томб аралдарының Иранға тиесілігін қуаттады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның парламенттік делегациясының басшысы Мұстафа Кавакибиан Біріккен Араб Әмірлігінің Женевадағы парламентаралық сессияда Парсы шығанағындағы ирандық аралдар туралы уәждеріне реакция білдіріп: «Біріккен Араб Әмірлігі өкілінің Иранның территориялық тұтастығына қарсы негізсіз уәждері халықаралық құқықтар негіздері, БҰҰ-ның Жарғысы және көршілес ізгі қарым-қатынастарға қайшы. ИИР Парсы шығанағындағы Абу Мұса, Үлкен Томб және Кіші Томб аралдарының Иранға тиесілігін қуаттайды.
Иран арадағы мәселелерді шешу үшін Біріккен Араб Әмірлігімен екіжақты келіссөздер өткізуге дайын. Бірақ аталмыш аралдардағы Иранның егемендігі және территориялық тұтастығы туралы мәселе келіссөздерде талқыланбайды»,- деп мәлімеді.