Ресейдегі Иран елшісі лаңкестердің Орталық Азияға ықпал ету мақсатын ескертті
Иран Ислам Республикасының Ресейдегі елшісі лаңкестердің Орталық Азияға ықпал ету мақсатын ескертті.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Ресейдегі Иран елшісі Мехди Санаи сәрсенбі күні Ресейдің Сочи қаласында Таяу Шығыс пен Еуразия қауіпсіздігінің ұштасуын қуаттап: «Лаңкестік және экстремистік ұйымдар Орталық Азияға өзінің ықпал ету өңірінің болашағы ретінде қарап, сол үшін жоспар құрып отыр» деді.
Сирия, Ирак және Йемендегі дағдарыстарға сілтеме жасаған Санаи: «Әлемнің түрлі аймақтарынан, әсіресе Орталық Азия мен Кавказ азаматтарының ДАИШ әсірешіл тобында болуы Таяу Шығыс оқиғаларының Еуразиямен бір- бірінен әсер алатындығын аңғартады» деді.
Санаи Иранның Таяу Шығысқа қатысты ұстанымдары жөнінде де: «Ислам республикасы әрдайым кез- келген қақтығыс қалыптастыруға қарсылық көрсету және тұрақтылықты арттыру үшін талпыныс жасауға негізделген саясатпен Американың бір полюстық жүйесіне қарсылық білдіру мен ұлттардың дауыстарын және олардың сайлаған билігін құрметтеуді, мемлекеттердің тәуелсіздігі мен ұлттық мүддесін қорғауды басшылыққа алып келеді» деді.