Трамп Обамадан Клинтонның электронды құпия хаттарын тексеруді сұрады
(last modified Wed, 26 Oct 2016 15:42:38 GMT )
Қаз 26, 2016 21:42 Asia/Almaty
  • Трамп Обамадан Клинтонның  электронды құпия хаттарын тексеруді сұрады

Дональд Трамп «Reuters» ақпарат агенттігіне берген арнайы сұхбатында осы елдің қазіргі президенті Барак Обамадан өзінің демократ бақталасы Хиллари Клинтонның электронды хаттарының әшкереленуіне байланысты оны айыптап, тексеруді сұрады.

Трамп Обаманың Клинтонның электронды құпия хаттарды жөнелту үшін өз серверін қолданғанын және хаттардың мазмұнынан хабардар болғанын баяндап: «Обама сол себепті Хиллариді қорғады, өйткені осы оқиғаға терең бойлағысы келмейді» деді. Ақ Үйдің ақпарат хатшысы Джош Эрнест те Трамптың сөзіне көрсеткен реакцияда: «Обама Клинтонның жеке электронды хаттарынан хабардар болғанымен осы серверлердің мекені немесе егжей-тегжейінен хабардар болған жоқ» деп мәлімдеді.