Қаз 26, 2016 21:57 Asia/Almaty
  • «С 400» құрылғысын сатып алу Иранның күн тәртібінде тұрған жоқ

«РИА Новости» Мәскеудегі Иран елшісі Мехди Санаидің сөзіне сілтеме жасап: "Иран Ресеймен әскери және техникалық ынтымақтастықтарды кеңейтуді мақсат етіп отыр, бірақ «С 400» құрылғысын сатып алу ислам республикасының күн тәртібінде тұрған жоқ" деп жазды.

Санаи Иран мен Ресейдің ынтымақтастықтарын өзге салаларда кеңейту туралы сөзінде: «2015 жылы екі ел байланыстарының деңгейін жоғарылату үшін шынайы қадамдар жасады. 2016 жылы да кеден қызметі негізінде құжаттарға қол қойылды» деді. Ресейдегі Иран елшісі сондай- ақ осы елдің Федерациялар Кеңесінің төрағайымы Валентина Матвиенконың 13- ші қарашада Теһранға сапар шегетінін хабарлады.

 

 

Тегтер