Финляндия Президенті Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасымен кездесті
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Еуроодақ пен Финляндияның Сирияның саяси дағдарысын шешуге және терроризммен күресуге көмектесудегі рөлін маңызды деп бағалады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні кешке Теһранда Финляндия Президенті Саули Нийнистёмен кездесіп, аймақтағы жуырдағы дағдарыстарды, соның ішінде Сирия мәселесін саяси жолмен шешу туралы айтып, Еуроодақ пен Финляндияның Сирияның саяси дағдарысын шешуге көмектесе алатындықтарын мәлімдеді.
Лариджани, сондай-ақ, ваххабизмнің бұрмаланған экстремистік ойларын аймақта терроризмнің дамуының себептерінің бірі деп атап: «Сионистік режимнің саясаты әрдайым лаңкестік топтарды нығайтуға негізделіп, осы топтардың кейбіреуімен қару-жарақ және барлау саласында тікелей байланыс орнатқан»,-деп баса айтты.
Финляндия Президенті Саули Нийнистё де Ауғанстан, Ирак, Сирия мен Ливияда орын алған лаңкестік оқиғаларға өкініш білдіріп, аймақтағы қанды соғыс пен қырғынды тоқтату үшін саяси шешім жолының қажеттігін қуаттады.