Сионистік режим ЮНЕСКО-дағы өз елшісін шақыртып алды
«Палестиналықтардың Қасиетті Құдстағы мәдени мұрасын сақтау» туралы қарар бекітілгеннен кейін сионистік режим ЮНЕСКО-дағы өзінің елшісін кеңесуге шақырып алды.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сәрсенбі күні ЮНЕСКО-дағы елшіні кеңесуге шақырып алуға шешім қабылдағанын мәлімдеген.
ЮНЕСКО өзінің сәрсенбі күнгі отырысында сионистік режим лоббиінің қысымдарына қарамастан, тағы да «Палестиналықтардың Қасиетті Құдстағы мәдени мұрасын сақтау» туралы қарарын қабылдады.
Осы қарар бойынша, әл-Ақса мешіті мұсылмандардың ғибадат ететін жері және соларға тиесілі мекен саналады.
Аталмыш қарарда сионистік режимнің әл-Ақса мешітіндегі шаралары «қасақана жою» деп аталды.
Палестина автономды құрылымының аға мүшесі Саеб Ариқат осы қарардың бекітілгенін құптап, оның бекітудегі мақсат Бейт ул-Мұқаддастың ислам, христиан және иудаизмнан тұратын монотеистік діндер үшін маңыздылығын көрсету деп атады.
Бұл – ЮНЕСКО-ның соңғы 10 күннің ішінде сионистік режимге қарсы бекіткен екінші қарары. Аталмыш шара сионистік режимнің ашу-ызасына себеп болды.