Трамп АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жететінін мәлімдеді
(last modified Fri, 28 Oct 2016 11:04:24 GMT )
Қаз 28, 2016 17:04 Asia/Almaty
  • Трамп АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жететінін мәлімдеді

АҚШ-тың президенттік сайлауындағы республикашылдардың үміткері осы сайлауда жеңіске жететінін мәлімдеді.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың  президенттік сайлауындағы Республикашылдар партиясының үміткері Дональд Трамп бейсенбі күні осы елдегі таяуда жүргізілген сауалнамалар нәтижесін теріске шығарып, сайлауда жеңіске жететінін айтты.

Трам Огайо штатындағы өзінің демеушілерімен сұхбатында республикашылдардың Ақ үйді демократтардан қайтарып алуға жақындап қалғанын айтты.

АҚШ-тың президенттік сайлауындағы республикашылдардың үміткері қазірдің өзінде сайлауда алдыда келе жатқанын айтып, америкалық ақпарат құралдарын өз бәсекелесіне қолдау көрсетумен айыптады.  Ол АҚШ-тың президенттік сайлауындағы республикашылдардың үміткері Хиллари Клинтонды үлкен өтірікші деп атап, АҚШ халқын  бастапқы сайлауда дауыс беруге қатысуға шақырды.