Мәскеу отырысында Сирияда лаңкестікке қарсы өзектің интеграциясын нығайту қуатталды
(last modified Fri, 28 Oct 2016 15:39:46 GMT )
Қаз 28, 2016 21:39 Asia/Almaty
  • Мәскеу отырысында Сирияда лаңкестікке қарсы өзектің интеграциясын нығайту қуатталды

Сириядағы лаңкестікпен шынайы түрде күрестің алғы шебіндегі Иран, Ресей мен Сирия Сыртқы істер министрлері Мәскеуде үшжақты интеграцияны нығайту мақсатында кеңесіп жатыр.

Бүгін, жұма күнгі Мәскеуде өтіп жатқан отырыс Иран, Ресей мен Сирияның Сириядағы өзгерістерге, әсіресе Алепподағы жағдайға қатысты әріптестіктеріне шолу жасап, лаңкестіктің әртүрлі формаларымен кесімді түрде күресу, атысты тоқтату бітімін орнатуға талпыныс жасау және осы елдің шамамен 6 жыл бойғы дағдарысын «сириялық-сириялық» тәсілмен шешу мақсатында жоспарланған болатын.   

Иран, Ресей мен Сирия тұрақты өзегінің әріптестігі Сирия дағдарысындағы қатынастарға бағыт беруде ықпалды рөл атқарады.  Осы өзектің басты ісі Сирия Президенті Башар Асадтың заңды үкіметін осы елде лаңкестерді нығайту арқылы құлату жоспарын бұзу болып отыр.  

Қарсыласу өзегінің күш-қуаты Сириядағы лаңкестердің демеушілерін, әсіресе АҚШ-ты өзінің талаптарының деңгейін өзгертуге және Иран мен Ресеймен келіссөздер үстеліне отыруға және Сирия дағдарысын шешу үшін Теһран мен Мәскеуден пікір сұрауға мәжбүрлеп отыр.  

Лаңкестер мен олардың демеушілерінің Сирия үкіметі және армиясымен бетпе-бет келіп отырғанына шамамен алты жыл өткен соң бүгінде қарсыласу өзегі осы текетіресте жеңіске жетті. Теһран-Мәскеу-Дамасктың стратегиялық әріптестігі Сирияда әртүрлі сценарийлерді жеңіліске ұшыратты.

Сирия үкіметінің өтінішімен Ресейдің осы елде тікелей әскери құзыры және Иранның Сирияда әскери кеңесші ретіндегі рөлі лаңкестерге қарсы тиімді майдан қалыптастырды. Сирияда әртүрлі атаулармен аталатын лаңкестер өз демеушілерінің осы елдегі мақсаттарын орындауға көп күш жұмсады. Алайда Иран, Ресей мен Сирия өзегінің стратегиялық әріптестігі осы қастандықтардың  жеңіліс табуына себеп болды.  

Иран, Ресей мен Сирияның ойластырған әрекеттері Сириядағы жағдайды, әсіресе Алепподағы майданды олардың мүддесіне қарай өзгертті. Халықаралық ойыншылар Теһран-Мәскеудің Сирия дағдарысын шешу үдерісіндегі  ықпалды рөлін қуаттап отыр.

Араб-батыс майданы Сириядағы саяси және соғыс алаңдарында жеңіліс тапты. Башар Асадтың саяси саладағы қарсыластары өз мақсаттарына жету үшін кез-келген тетікті, соның ішінде  БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін құрал ретінде пайдаланды, алайда бұл саладағы Ресейдің шаралары оны сәтсіздікке ұшыратты.

Әскери салада да лаңкестер әртүрлі майдандарда, соның ішінде Алеппода дамыған қару-жарақтарға қолжетімділіктің болғанына қарамастан әлсіз позицияда тұр. Иранның әскери кеңес саласындағы тиімді әрі ықпалды рөлі және Ресей әскерилерінің Сириядағы тікелей құзыры соғыстың алғы шебін басқаруды лаңкестер мен оларды демеушілердің қолынан тартып алды.

Сириядағы лаңкестікпен күрестің үшжақты стратегиясы болашақты анықтайтын ықпалды стратегияға айналды. Алеппо майданының қазіргі жағдайы  Дамаск-Теһран-Мәскеудің «ән-Носрат» майданы мен ДАИШ-тың лаңкестеріне қарсы кесімді стратегиясының тиімділігін көрсетеді.

Иран, Ресей мен Сирияның үшжақты кеңестерінің жалғасуы Сириядағы лаңкестікпен күрестің шынайы майданын нығайтып отыр. Мәскеу отырысын да осы аяда бағалауға болады.

 

Тегтер