Арақчи: БҰҰ Сирия мен Йеменге қатысты ешбір жоспар құрмаған
(last modified Mon, 31 Oct 2016 03:32:57 GMT )
Қаз 31, 2016 09:32 Asia/Almaty
  • Арақчи: БҰҰ Сирия мен Йеменге қатысты ешбір жоспар құрмаған

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары БҰҰ-ның Сирия мен Йемендегі апаттарға қатысты еш реакция білдірмей отырғанын, тек бейбітшілік туралы ғана ұсыныс жасайтынын мәлімдеді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары сейіт Аббас Арақчи жексенбі күні Теһранда БҰҰ құрылуының 71- ші жылдығын атап өту рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Сириядағы қақтығыстар миллиондаған адамның босқынға ұшырауына, мыңдаған адамның өліміне себеп болып отыр, алайда БҰҰ саяси құрылымына лайық оған тиісті реакция білдірмей отыр» деді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары сондай-ақ Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына сілтеме жасап: «Иран БҰҰ-нан саудиялықтардың қылмыстарын доғару үшін тиісті шара қолдануды сұрайды» деді.

Арақчи сондай-ақ тілшілер алдында Сауд Арабиясын БҰҰ- ның адам құқығы кеңесіне сайлауды саяси мүдде үшін адам құқығын құрал ретінде пайдаланудың белгісі деп атап: «Адам құқығы тақырыбына саяси қатынас көрсетілуде. Әйелдерді сыйламайтын, олардың ең алғашқы құқықтарын бұзып отырған Саудияның бала өлтіргіш режимі жан-жақты даму ұранымен адам құқығы кеңесіне сайланады» деді.