Иран мен Кипр Парламенттерінің төрағалары ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады
(last modified Mon, 31 Oct 2016 09:42:25 GMT )
Қаз 31, 2016 15:42 Asia/Almaty
  • Иран мен Кипр Парламенттерінің төрағалары ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады

Иран мен Кипр Парламенттерінің төрағалары аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату мақсатында екіжақты әріптестіктерді кеңейту қажеттігін қуаттады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні түстен кейін Теһранда Кипр Парламентінің төрағасы Димитрис Силлуриспен өткізген ортақ баспасөз конференциясында: «Екі ел әртүрлі салалар бойынша әрдайым жақсы қарым-қатынас пен тиімді әріптестікке ие»,-деді.  

Лариджани лаңкестік құбылысымен күресу қажеттігін Иран мен Кипрдың ортақ көзқарасы деп атап: «Иран, сондай-ақ, Кипрмен экономикалық, мәдени және банкаралық қарым-қатынасты дамытуға дайын»,-деді.

Кипр Парламентінің төрағасы Димитрис Силлурис Иран мен Кипр қарым-қатынасының жақсы тарихына тоқталып: «Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасымен сұхбатта  Иран мен Еуроодақтың қарым-қатынасын кеңейту және  екіжақты мәдени-экономикалық байланыстарды арттыру жолдары талқыланды»,-деді.

Кипр Парламентінің төрағасы әскери амалдар мен лаңкестік әрекеттер арқылы аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға болмайтынын айтып: «Иран мен Кипр екіжақты қарым-қатынасты кеңейту арқылы аймақта бейбітшілік пен тыныштық орнатуда әсерлі рөл атқара алады»,-деп қуаттады.