Қар 01, 2016 08:09 Asia/Almaty
  • Ирандағы Қазақстан елшісі Солтүстік Хорасанға сапар шегеді

Ирандағы Қазақстан елшісі сейсенбі күні Солтүстік Хорасанға сапар шегеді.

Солтүстік Хорасан облысының Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылығы палатасының төрағасы Мұхаммад Самади Ирандағы Қазақстан елшісінің сейсенбі күні үкіметтік және коммерциялық делегацияны бастап, әлеуеттерді қарастыру және сауда- саттық байланыстарды кеңейту мақсатында осы облысқа сапармен келетінін хабарлап: «Қазақстан елшісі және онымен бірге болатын 5 кісіден тұратын  экономикалық делегация екі күндік сапарда осы облыстың басшылары және экономика саласының белсенділерімен кездеседі. Солтүстік Хорасан облысының әкімі және Сауда палатасының төрағасымен кездесу және Хорасанның мұнай- химия кешенін аралау Ирандағы Қазақстан елшісі бастаған делегация сапарының келесі бағдарламалары болмақ» деді. Самади соңғы екі жылдағы осы облыстың Қазақстан республикасымен сауда-саттығының көлемін құны 760 мың доллар тұратын 9 млн 22 тонна деп атады.

Солтүстік Хорасан облысының Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылығы палатасы коммерциялық және экономикалық байланыстарды кеңейту үшін жыл сайын түрлі елдерден бірнеше делегацияны қабылдайды.

 

 

 

Тегтер