Қар 01, 2016 08:49 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияның жаңа елшісі Хасан Руханимен кездесті

ИИР президенті Ұлыбританиямен екіжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделік танытты.

ИИР президенті Хасан Рухани  Теһранда Ұлыбританияның жаңа елшісі Николас Хаптинді қабылдауында екі маңызды ел Иран мен Ұлыбританияның байланыстарының деңгейін кеңейтуді зор маңызға ие деп атап: «Екі елдің байланыстарының үдерісі соңғы жылдары кеңейіп келеді. Қазіргі мүмкіндіктерді іске асыру  арқылы осы үдерісті қарқындатуға болады.

«Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан кейін Иран мен Ұлыбритания айрылған мұрсаттардың орнын толтыруы керек. Сол үшін экономикалық, ғылыми, мәдени және саяси байланыстар деңгейін жоғарылату қажет. Осының барлығы банкаралық толық байланыс орнатуды қажет етеді» деді.

ИИР президенті тараптардың «Ортақ қадам» келісіміне толығымен берік болуының маңыздылығын қуаттап: «Иран өз міндеттемелерін толығымен орындаған. Қарсы тарап та «Ортақ қадам» келісіміне қатысты осындай тәсіл ұстануы керек» деді.

Швеция, Сиерра-Леоне, Молдавия және Албания елдерінің Теһрандағы жаңа елшілері де өз сенімхаттарын Иран президентіне табыс етті.

 

 

 

Тегтер