Әзірбайжан республикасының Қорғаныс министрлігі Арменияға ескерту жасады
Әзірбайжан республикасының Қорғаныс министрлігі бейбіт азаматтарды нысанаға алуына қатысты Арменияға ескерту жасады.
Әзірбайжан республикасының Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап: «Арменияның қарулы күштері өткен үш түнде әзірбайжандық әскерилердің тұрғыларын 60 және 82 милиметрлік минометпен нысанаға алды. Елді мекендерді нысанаға алу және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін бұзу Әзірбайжан республикасының да барлық әскери мүмкіндіктерді пайдалану арқылы қарымта әрекетке баруына себеп болады. Сондықтан осы әрекеттің жауапкершілігі Армения армиясы қолбасшыларының мойнында» деп мәлімдеді.
Қарабақ аймағы Әзірбайжан республикасынан бөлінген аймақ ретінде 1991 жылы тәуелсіздігін жариялады. Әзірбайжан республикасының күштері мен осы аймақта тұратын армяндар арасындағы қақтығыстан кейін 1994 жылы бұл аймақ Бакудың қарамағынан шықты.