Трамп Американың бас прокурорын Клинтоннан пара алды деп айыптады
Америкадағы президенттік сайлаудағы республикалық партияның үміткері Дональд Трамп өзінің демократиялық партиядағы бақталасын осы елдің бас прокурорына пара берді деп айыптады.
«Әл- Хадс» телеарнасының мәліметі бойынша, Америкадағы президенттік сайлаудағы республикалық партияның үміткері Дональд Трамп дүйсенбі күні Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласындағы сайлауалды митингте сөйлеген сөзінде Хиллари Клинтоды Американың бас прокуроры Лорита Линчке пара берген деп айыптап: «Хиллари Клинтонға жақын дереккөздері оның Американың бас прокуроры лауазымын қайтадан Лорита Линчке бергісі келетінін хабарлады. Бұл оған пара берумен тең» деді.
Дональд Трамп сондай- ақ федералдық полиция да анықтаған Хиллари Клинтонның жарты миллионнан астам жеке электронды хаттарының санына таңданыс білдірді.
Хиллари Клинтон да дүйсенбі күні Огайо штатындағы сайлауалды баяндамасында АҚШ федералдық полициясының Америкада сайлау өткізілуіне бірнеше күн қалғанда жеке электронды хаттары мәселесін талқылау шешімін сынап: ««FBI» сайлауға бірнеше күн қалғанда неліктен электронды хаттар мәселесін тағы көтеріп отыр?» деді.