Стеффан де Мистура: Сирия бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңі наурыздың жетісі күні басталады
БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Сирия бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңінің 2016 жылдың наурыз айының жетісі күні басталатынын хабарлады.
Синьхуаның хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стеффан де Мистура бір мәлімдемесінде Сирия бейбітшілік келіссөздерінің наурыздың жетісі күні қайтадан басталатынын мәлімдеп: "Бұл келіссөздердің алғашқы кезеңі үш аптаға созылады. Одан кейін Сирия жағдайы мен міндеттемелерге берік болу мәселесі талқыланады.
Саяси шешім үдерісінсіз қақтығыстар тоқтатылмайды. Гуманитарлық көмектер Сирия дағдарысы үшін жеткіліксіз» " деді.
Сирия дағдарысын шешу үшін саяси шешім жолына қол жеткізу мақсатында қақтығысушы тараптар арасында арағайындық ету үшін БҰҰ тарапынан ұйымдастырылған келіссөздер ағымдағы жылдың үшінші ақпан күні аяқталған болатын.