Иран мен Қазақстанның ынтымақтастықтары кеңейеді
Қазақстан Сыртқы істер министрі мен Иран Сыртқы істер министрлігінің Консулдық, парламенттік және шетелдерде өмір сүретін ирандықтардың істері жөніндегі орынбасары кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейту туралы пікір алмасты.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Идрисов Иран Сыртқы істер министрлігінің Консулдық, парламенттік және шетелдерде өмір сүретін ирандықтардың істері жөніндегі орынбасары Хасан Қашқавимен кездесіп, консулдық ортақ комиссияның нәтижелеріне ризалық білдіріп, Қазақстаның екіжақты келісімдерді орындауға әзірлігін қуаттады.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Иран мен Казақстанның консулдық ортақ комиссиясының келісімін іске асыруды екі ел арасындағы бизнес пен туристік қарым-қатынастарды жеңілдетуге себеп болады деп бағалады. Қашқави да Иран мен Қазақстанның көптеген мүмкіндіктерін қуаттап, қол қойылған келісімдердің іске асырылуымен екі ел қарым-қатынастарының жаңа кезеңге енетіндігіне сенім білдірді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің Консулдық, парламенттік және шетелдерде өмір сүретін ирандықтардың істері жөніндегі орынбасары Қазақстан Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Назаровпен кездесуінде де өткен жылдардағы екі елдің қарым-қатынастарында алға ілгерілеушіліктердің болғанын қуаттап, Иран мен Қазақстан Парламенттерінің екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтарды тереңдетудегі рөлін қуаттады.