Еуропаның Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлау үдерісін бақылаушылары Өзбекстанға келді
(last modified Thu, 03 Nov 2016 08:45:29 GMT )
Қар 03, 2016 14:45 Asia/Almaty
  • Еуропаның Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлау үдерісін бақылаушылары Өзбекстанға келді

Еуропаның Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық және адам құқығы бөлімдері басқармасының өкілдері Өзбекстанның президенттік сайлауының үдерісін бақылау үшін Ташкентке келді.

Иран Телерадио ұйымының өзбек тіліндегі радиосының хабарлауынша, Еуропаның Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 13 елден жиналған  17 адамдық делегацияның басшылығы міндетін  Йохан Петер Трауготт Тейлер атқаруда. 

Трауготт Тейлер сәрсенбі күні  Өзбекстанның жұмысшылары және қызметкерлерінің қатысуымен өткен отырыста осы елдің президенттік сайлауында халықаралық бақылаушылардың қатысуын Ташкенттің осы саяси оқиғаны ашық әрі халықаралық сайлау стандарттарына сай өткізуге әзірлігін көрсететінін айтты. 

Тейлер сонымен қатар Өзбекстанның болашақ үкіметінің осы елдің дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшылар мен қызметкерлердің құқығын қорғауға ерекше назар аударып, кесімді түрде қолдауының қажеттігін қуаттады.

Өзбекстанның президенттік сайлауы 2016 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.