Ресейдің Волгоград облысында Мазандаранның сауда-саттық кешені іске қосылады
(last modified Fri, 04 Nov 2016 13:20:01 GMT )
Қар 04, 2016 19:20 Asia/Almaty
  • Ресейдің Волгоград облысында Мазандаранның сауда-саттық кешені іске қосылады

Ресейдің Волгоград облысының орталығында Мазандаранның сауда-саттық кешенін іске қосу Сари қаласында меморандумға қол қойылу арқылы жүзеге асатын болды.

Сари қаласында кеше, бейсенбі күні Ресейдің Волгоград облысының орталығында  Мазандаранның сауда-саттық кешенін іске қосу туралы меморандумға экономикалық комитет мүшелері мен осы облыстың сауда палатасының төрағасы және Мазандаран Сауда палатасы басшыларының қатысуымен қол қойылды.

Мазандаранның сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылығы палатасының төрағасы Абдолла Мохаджер Ресейдің Волгоград облысында сауда-саттық кешенін іске қосуды екі облыс арасында сауда-саттық серіктестіктерді жеңілдету мен тездету үшін қолайлы жол және экспорттаушыларға қолдау көрсету орталығы болады деп бағалады.

Мохаджер Мазандаран Сауда палатасы мамандары делегациясының Мазандаранның сауда-саттық кешенін құру үшін болжанған мекенді көру үшін  Волгоградқа сапар шегетінін хабарлап: «Кәсіпкерлердің көздеген нарықпен танысуы сапалы тауарларды экспорттап, кәсіпкерлердің бір-бірімен үйлесімділік жасап, екіжақты сауда байланыстары деңгейін арттыру үшін ең маңызды жол болып табылады» деді.