Қар 04, 2016 19:43 Asia/Almaty
  • Ортақтастықтар – Иран мен Әзірбайжан республикасы байланыстарын кеңейтетін факторлар

Әзірбайжан республикасындағы Иран ислам республикасының елшісі Теһран мен Баку арасындағы мәдени, тарихи және діни ортақтастықтарды екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтудің маңызды факторлары деп атады.

Әзірбайжан республикасындағы Иран елшісі Джавад Жаһангирзаде бейсенбі күні кешке Иран үкіметі мен Иранның солтүстік- батысындағы Батыс Әзірбайжан облысының жекеменшік бөлімінің сұхбаттасу кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Осы облыстың экономика белсенділері өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және сауда-саттық салаларында Әзірбайжан республикасының экономика белсенділерімен серіктестік жасай алады.

Иран мен Әзірбайжан республикасы арасында аса қолайлы саяси кеңістік орнаған. Осы қолайлы кеңістікте екі ел келіскен маңызды да әсерлі жобалар жүзеге асырылуы керек.

Иран мен Әзірбайжан республикасы шекарасының екі тарапындағы «Астара- Астара» темір жолы таяу болашақта екі елдің экономикасын өркендетуде маңызды рөл атқара алатын маңызды жобалардың бірі саналады» деді.

 

 

 

 

Тегтер