Ресейдегі Иранның елшісі Дағыстан республикасының басшысымен кездесті
(last modified Sat, 05 Nov 2016 09:22:20 GMT )
Қар 05, 2016 15:22 Asia/Almaty
  • Ресейдегі Иранның елшісі Дағыстан республикасының басшысымен кездесті

Мәскеудегі Иранның елшісі мен Ресейдің Дағыстан республикасының басшысы екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту туралы сұхбаттасты.

ИРНА-ның хабарлауынша, Ресейдің Дағыстан республикасының басшысы Рамазан Абдулатипов жұма күні Иранның Мәскеудегі елшісі Мехди Санаимен кездесуінде осы республикада бірнеше даму жобасын жүзеге асыру бағдарламасына тоқталып, инвесторлар мен шетелдік түрлі компаниялардың, әсіресе, ирандық компаниялардың осы жобаларға қатысуын сұрады. 

Дағыстан республикасының башысы Халықаралық Каспий қолдау көрсету орталығының құрылуы мен Каспий теңізінің солтүстік-батысындағы Махачкала портын кеңейтуді ирандықтар соларға қатыса алатын ең басты даму бағдарламалары деп атады. 

Иранның Ресейдегі елшісі Мехди Санаи да Дағыстан республикасымен қарым-қатынас жасауды Иран үшін аса маңызды деп атап, тарихи байланыстарға көңіл аударудың маңызды рөл атқаратынын қуаттады. 

Дағыстан республикасының басшысы біраз бұрын Махачкала портында Иранның елшісімен кездесуінде осы порттың жекешелендірілуі туралы  хабарды хабарлап, экономикалық жұмыстарды кеңейту үшін ирандық кәсіпкерлердің осы мүмкіндікті пайдалануын сұраған болатын.