Иран мен Термоядролық Синтез Халықаралық Жобасы (ITER) арасында ынтымақтастық құжатына қол қойылды
Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Иран мен Термоядролық Синтез Халықаралық Жобасы (ITER) арасында тұңғыш ынтымақтастық құжатына қол қойылғанын хабарлады.
Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи Теһранда осы халықаралық жобаның бас директоры Бернард Биготтың қатысуымен Термоядролық Синтез Халықаралық Жобасы (ITER) ынтымақтастық меморандумына қол қойған соң Иранның биылғы жылдың соңына дейін ресми түрде ITER жобасына қосылуына үміт білдіріп: «Иран мен термоядролық реакциялар халықаралық жобасының ынтымақтастық құжаты мәліметтерді құпия сақтау жөнінде. Тараптар екі тараптың да мәліметтерінің құпия сақталуына міндеттеме қабылдады» деді.
Термоядролық Синтез Халықаралық Жобасы (ITER)-ның бас директоры да Иран Ислам Республикасының маңызды әрі дамыған ел ретінде халықаралық ITER жобасын орындауда сындарлы рөл атқара алатындығын қуаттады.