Санкциялар – Иранның энергия нарығының кеңеюінің факторы
Ресейдің «OJSC Power Machines» компаниясының төрағасы өткен бірнеше жылдағы санкциялар мен экономикалық қысымдарды Иранның энергия нарығының кеңеюінің факторы деп атады.
Ресейдің «OJSC Power Machines» компаниясының төрағасы Теһранда Иранның электр өнеркәсібінің 16-шы көрмесінің өткізілуі аясында ИРНА-ға берген сұхбатта: «Ирандықтар 10 жылдық санкциялар кезінде электр және энергия өнеркәсібінде тәуелсіз болып, санкцияларды мұрсатқа айналдыра алатынын дәлелдеп берді. Өзін-өзі қамтамасыз етуге деген ынта-жігер Иранды өзге елдерге үлгі етіп отыр. Компаниялар мен өндірушілер тіпті экономикалық жаман жағдайда да өздеріне иек арта алады.
Ресейдің «Power Machine OJSC» компаниясы жылу, атом, газ және су электр стансаларын өндіруші компания ретінде ең соңғы дамыған технологияларды Иранға жеткізуге дайын» деді.