Иран мен Тәжікстан энергетика саласында сындарлы ынтымақтастықтарға ие
Иранның Энергетика министрі Хамид Читчиан Тәжікстанның дамуы мен алға ілгерілеуін және бұл елдің үкіметі мен халқының табыстарын Иранның дамуы мен табыстары деп атады
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Читчиан сейсенбі күні Теһранда Иран мен Тәжікстанның техникалық, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтарының ортақ комиссиясының 11-ші отырысының жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Екі елдің сауда айналымының мөлшері алға ілгерілеп келе жатқанымен қазіргі кездегі экономикалық және сауда қарым-қатынастарының деңгейі Иран мен Тәжікстанның саяси қарым-қатынастарының жақсы деңгейіне сай емес. ИИР-ның көзқарасы бойынша көршілес елдермен жан-жақты қарым-қатынастарды дамыту Иранның сыртқы саясатының басты мәселесі. Бұл тұрғыдан Тәжікстан ерекше әрі маңызды орынға ие»,- деп баса айтты.
Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Осман Әли Османзода жаңа кезеңде ирандық компаниялар арасындағы ынтымақтастықтардың артатынын қуаттады.
Осман Әли Османзода Теһрандағы Иран мен Тәжікстанның техникалық, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтарының ортақ комиссиясының 11-ші отырысының соңында Иран Телерадио бірлестігінің журналистеріне берген сұхбатта ирандық компаниялардың «Сангтуде-2» стансасын салу кезіндегі ынтымақтастықтарының сындарлы болғанын және жақсы жетістіктерге жеткенін мәлімдеді.