Трамп Нетаньяхуды Ақ Үйге шақырды
АҚШ-тың сайланған президенті Вашингтонның Тель-Авивке қатысты саясатының өзгермегенін көрсету үшін сионистік режимнің премьер-министрімен байланыс орнатып, оны Ақ Үйге шақырды.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сәрсенбі күні Трамптың АҚШ-тың президенттік сайлауындағы жеңісінен кейін оны "Израильдің ең жақсы досы" деп атады.
Бұдан бұрын Дональд Трамп пен Хиллари Клинтон АҚШ-тың президенттік сайлауының үміткерлері ретінде сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесуінде осы елдің Израиль режимін қолдауын жалғастыратынын қуаттаған болатын.
Трамп Нетаньяхуге президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Бейт-ул-Мұқаддасты Израильдің ажырағысыз астанасы ретінде ресми түрде тануға уәде берген болатын.