Иран мен Еуропа Oдағы келіссөздерінің екінші кезеңі Брюссельде өтті
(last modified Thu, 10 Nov 2016 09:45:14 GMT )
Қар 10, 2016 15:45 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуропа Oдағы келіссөздерінің екінші кезеңі Брюссельде өтті

Иран мен Еуропа Oдағының "Жоғары деңгейдегі келіссөздер" деп аталған келіссөздерінің екінші кезеңі Брюссельде өтті.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахтраванчи мен Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссарының орынбасары Хельга Шмидтің жетекшілігімен өткен отырыста түрлі салалардағы екіжақты мәселелер, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы өзгерістер, соның ішінде, Сирия дағдарысы, адам құқығы мәселелері және Иран мен Еуропа Oдағы арасындағы банктік ынтымақтастықтарға қатысты  мәселелер қарастырылды.

Келіссөздерде Иранның Сыртқы істер министрлігі, Орталық банкі мен сот билігінің өкілдері саяси, қаржы, банктік және құқықтық бөлімдерге қатысты.

Иран мен Еуропа Oдағы келіссөздерінің бірінші кезеңі ақпан айында Теһранда өткен болатын. Екі тараптың келісімі бойынша бұл келісөздер әр алты ай сайын Брюссельде немесе Теһранда өткізілетін болды.

 

Тегтер