Пан Ги Мун Йеменде тез арада зерттеу жүргізуді талап етті
БҰҰ-ның Бас хатшысы Йеменнің базарына жасалған әуе шабуылына қатысты тез арада зерттеу жүргізуді талап етті.
«Синьхуа» ақпарат агенттігінің БҰҰ-ның штабынан хабарлауы бойынша Пан Ги Мун сенбі күнгі Йеменнің базарына жасалған әуе шабуылына қатысты жылдам және бейтарап зерттеулер жүргізуді талап етті. Сол шабуылдың салдарынан кемінде 32 әскери емес адам қаза болып, 41 адам жарақат алды.
БҰҰ жариялаған үндеуде Пан Ги Мун Сананың солтүстік-шығысындағы «Халеқ» базарына жасалған әуе шабуылын қатты айыптады.
Бұл үндеуде БҰҰ-ның Бас хатшысы қақтығыстарды тоқтату туралы көп рет жасалған талаптарға қарамастан Йемендегі әуе шабуылдары мен құрлықтағы қақтығыстардың жалғасуына алаңдушылық білдірді.
Мәліметтер бұл әуе шабуылын Сауд Арабиясы басқаратын араб коалициясының іске асырғанын көрсетіп отыр. Басқа мәліметтер бойынша әуе шабуылында қаза болғандардың саны шамамен 45 адам.