Пентагон Сирия мен Иракта бейбіт халықты өлтіргенін мойындады
АҚШ- тың Қорғаныс министрлігі Пентагон Сирия мен Иракта бейбіт халыққа қарсы жойқын шабуылдар жасағанын мойындады.
ИРНА-ның бейсенбі күнгі мәлімдеуі бойынша, Американың Қорғаныс министрлігі өз мәліметінде 2015 жылдың қараша айының 20 күні Американың Сириядағы Дейр эз-Зорға жасаған шабуылында 5 бейбіт азаматтың, сонымен қатар сол жылы наурыздың бесі күні Ирактың Мосул қаласына жақын жердегі бір аймаққа жасаған шабуылында 10 қарапайым азаматтың өлтірілгенін мәлімдеді.
Американың Қорғаныс министрлігі сондай- ақ осы мәліметте 2014 жылы жасалған шабуылдар барысында Ирак пен Сирияда 119 әскери емес азаматтың өлтірілгенін және 37 адамның жараланғанын мойындады.
Халықаралық Кешірім Ұйымы 2014 жылы Американың Ирак пен Сирияға жасаған шабуылдарынан 300 бейбіт азаматтың өлтірілгенін мәлімдеді.
Ирактың Мосул қаласындағы мектептердің оқушыларын қыру, Сирияның Манбидж қаласында халықты жаппай өлтіру, 15 әйелдің өлімі мен 50 әйелдің жаралануына соқтырған Ирактың Киркук қаласының Дағуқ аймағындағы аза тұту рәсіміне жасалған шабуыл америкалық коалицияның Ирак пен Сирияда жасаған әрекеттерінің қатарына жатады. БҰҰ осы әрекеттердің барлығына үнсіздік танытып отыр.