Иран мен Словакияның ынтымақтастықтары кеңейтіледі
Ислам республикасы мен Словакия арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтудің жолдарына Иран Сыртқы істер министрі мен Словакия президентінің Братиславада кездесуінде шолу жасалды.
СІМ-нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуінше, Словакия президенті Андрей Киска осы елдің астанасы Братиславада Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесуде Иранды үлкен мемлекет және экономикалық тұрғыдан аймақта көшбасшы деп атап, «Теһран Таяу Шығыс аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігінде сындарлы рөлге ие» деді.
Иран Сыртқы істер министрі де Иранның өзге елдермен экономикалық ынтымақтастықтары жолындағы банктік кедергілерді жоюды қуаттап: «Аймақтық және халықаралық негіздерде Иран Еуропа Одағымен сындарлы кеңесулер өткізіп келеді. Осы салада Словакия Еуропа Одағының кезекті төрағасы ретінде рөл атқара алады.
Сирия мен Йемендегі гуманитарлық жағдай ушығып тұрғандықтан, Еуропа Одағы гуманитарлық көмектер жөнелтуде және осы елдер үшін саяси шешім жолын табуда маңыздырақ рөл атқара алады» деді.