Салехи Польша президентімен кездесті
Польша президенті Иран мен Польша байланыстары тарихының ұзақтығын Таяу Шығыста теңдессіз деп бағалады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Польша президенті Анджей Дуда Варшавада президенттің орынбасары әрі Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехимен кездесуде Иранның «алтылық» елдерімен ядролық келісімін тілге тиек етіп, Иранның өзінің лайықты мәртебесіне қол жеткізуіне үміт білдірді.
Салехи де Иран мен Польшаның тарихи ортақтастықтарына сілтеме жасап, екі елдің ортақтастықтарының барлық салалар бойынша екі жақты байланыстарды кеңейту үшін қолайлы негіз бола алатынын мәлімдеп,
Иран мен Польшаны өз болмыстары мен тәуелсіздіктерін сақтау үшін зор талпыныс жасауы жағынан бірдей деп атады.
Салехи сондай- ақ ИИР президентінің сәлемін жеткізіп, Теһранның Польша президентін Иранға сапармен келуін күтетінін мәлімдеді.
Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Польша премьер-министрінің бірінші орынбасары мен Өкілдер палатасы мен Сенат төрағаларымен де кездесіп, әңгімелесті.